Ақпанның 21-і мектебімізде "Ауғанның отты жалыны" атты ауған соғысының ардагелерімен кездесу өтті. Өмірінің бір бөлігі, жауқазы жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың арасында өткізген, қасқыр мінезді, қайсар жандар,жарасын жалап жазған арландарымыз, батыр ағаларымыз бен аталарым кеш қонағы болды. Кеш барысында, ауған соғысының ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып ары қарай, талантты оқушыларымыз өлеңдер оқыды. Ауған ардагерлеріне оқушылармен қатар ұлағатты ұстаздарымызда ән шашуларын тарту етті. Оқушылар көкейіндегі сұрақтар батыр ағаларына қойып сырласып, сұрақтарына жауап алды. Ағаларымыз қан майдандағы өмірлерінен сыр шертіп келешек ұрпақтың енді ондай күндері көрмеуін тілеп, тек бейбіт күн болсын деген лебізін білдірді. Кеш соңы ардагерлерімізге сыйлықтар табысталып, оқушылармен бірге естелік суретке түсті.
Кешті ұйымдастырған Сандуғаш Балтабековнаға,
Мадина Сайрановнаға, Секел Жанарбекке алғыс айтамыз!