Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Степняк қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ көрсетеді. Заңды мекенжайы: Степняк қ., Уәлиханов көшесі, 29.
Білім беру ұйымында 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылда 368 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Соның ішінде:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту 1 электрондық форматта.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау";
- "Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау";
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
2025 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2025 жылдың кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру перспективалары
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.
Мектеп директоры М. Мурзагулова
Орынд.: Н. Кудеренова
Тел.: 871639 2-16-86