«Заң мен тәртіп»
30.09.2026
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шара
Тақырыбы: «Ата-аналар мен оқу жылы: тығыз байланыс»
Мақсаты:
Ата-аналармен білім беру саласындағы жаңалықтармен бөлісу, оқу-тәрбие үдерісіндегі ата-ананың рөлін арттыру, отбасы мен білім беру ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту. Ата-аналарды бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелермен таныстырып, құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
білім беру саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы ата-аналарға ақпарат беру;
ата-аналар мен педагогтер арасындағы байланысты нығайту;
бала қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға назар аудару;
«Заң мен тәртіп» қағидаттарын отбасы тәрбиесінде насихаттау;
ата-аналардың бала тәрбиесіне белсенді қатысуын арттыру. /public/files/2026/9/30/300926_154137_whatsapp-video-2026-09-30-at-143715.mp4