30.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлім Степняк қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Бөбек» шағын орталығында «Заң мен тәртіп» акциясы аясында «Адалдық дүкені» атты ойын арқылы балалармен ойын ойнатылды.
тақырыбында«Ол – неліктен әділ болу маңызды?» ойын өткізілді. Ойын арқылы балалармен ойын ойнатылды.мақсаты – 4–5 жас аралығындағы балаларға әділдік ұғымын түсіндіру, дұрыс пен бұрысты ажырата білуге, бір-біріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Балаларға әділдік пен адалдық ұғымдарын түсіндіру барысында жетондар мен банк карточкасы арқылы есептесу жүргізіліп, балаларды адал әрекет етуге үйрету көзделді. Әр бала алған затына сәйкес жетондарды арнайы қорапқа салып, әділ болудың маңызын тәжірибе жүзінде ұғынды.
Ойын арқылы балалар әділдік, адалдық, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызын түсініп, күнделікті өмірде дұрыс әрекет етуге үйренді.
«Гүлдер» тобының 4–5 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысты.