Біржан сал ауданының білім бөлімі
Степняк қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің КММ жанындағы «Бөбек» шағын орталығы
Тақырыбы: "Аналар мерекесі" аясында ұйымдастырылған "Анама алғыс" акциясы туралы есеп
Қазіргі таңда рухани-адамгершілік тәрбие беру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе, отбасы — баланың адамгершілік қасиеттерінің негізі қаланатын ең алғашқы әрі маңызды орта. Осы орайда білім беру ұйымдары мен отбасының өзара ынтымақтастығы арқылы жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру — педагогтардың басты міндеттерінің бірі саналады.
Үлкенге құрмет көрсету мен алғыс айту — адамның рухани кемелденуінің айқын көрінісі. Ана мен бала арасындағы алғыс сезімі сүйіспеншілік пен қамқорлыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтады.
2025 жылдың 12 мамырында аналар мерекесіне орай Степняк қаласы«Бөбек» шағын орталығы тәрбиеленушілердің қатысуымен "Анама алғыс" атты бейнежазба акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты — балалардың аналарына деген құрметі мен алғысын бейнежазба арқылы білдіру, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Акция барысында балалар өз аналарына арналған жылы лебіздері мен алғыс сөздерін айтып, бейнежазба форматында шығармашылықтарын көрсетті. Бұл шара ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тауып, балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыруға оң әсерін тигізді.
Қорытынды:
"Анама алғыс" акциясы балалардың рухани дамуына ықпал етіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара болды. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады