«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.      

2. Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4.  Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ  уақыты –                   15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  –  15 минуттан аспайды.

  5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

         6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).

 Мемлекеттік қызмет көрсету  нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 

 1) өтініш (еркін нысанда);

   2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

            3) ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы. 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Степняк қаласы, Уәлиханов көшесі, 29 Біржан сал ауданының білім бөлімінің "Степняк қаласының №1 орта мектебі" ММ-не хабарласуға болады.

Байланыс деректері: 8(716-39)2-16-86, 8(716-39)2-12-71